Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау, сондай-ақ қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және психологиялық қолдау көрсету тетіктері түсіндірілді.