Меню

Страницы

Статья

Жаңа мүмкіндіктер туралы оңтүстік диалог: СҚО делегациясы Түркістан облысының тұрғындарына елдің солтүстігіне қоныс аударудың артықшылықтары жөнінде айтып берді

Солтүстік Қазақстан облысынан келген делегация, СҚО Еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Н. Бибулаевтың жетекшілігімен, Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Леңгір қаласы мен Қарабұлақ ауылына барып, жергілікті тұрғындармен қоныс аудару бағдарламасы және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру кездесулерін өткізді.

Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылында Д. М. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжде білім алушылармен жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы және өз білімдерін облысымызда қолдану мүмкіндіктері туралы мазмұнды әңгіме өтті.

Қоныс аударған жағдайда азаматтарға мыналар ұсынылады:

көшуге арналған субсидия — отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК;

коммуналдық қызмет шығындарын өтеу.

Тұрғын үй сертификаты — 4,5 млн теңге;
«Серпін» бағдарламасы аясында тегін оқу;
кепілдендірілген жұмысқа орналастыру;
бүкіл отбасы үшін әлеуметтік кепілдіктер: білім беру, медициналық қызмет, балабақшалар мен мектептер.

📌 СҚО Еңбек ұтқырлығы орталығы бөлімінің басшысы Г.С. Ильясова былай деп атап өтті:
«Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында бағдарлама қатысушылары үшін барлық жағдай жасалған: тұрғын үй, жұмыс орындары және әлеуметтік инфрақұрылым бар. Біз оңтүстік өңірлердің тұрғындарын қоныс аудару мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз және әрбір ниет білдіруші өз білімі мен тәжірибесіне лайықты қолдану таба алатынына сенімдіміз».

📞 Анықтама үшін байланыс телефондары:
8 (7152) 53-11-48
+7 777 114 92 90

Дата публикации
15 декабря 2025
Дата обновления
15 января 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы