Ұлттық валюта күні
Бүгін біз тәуелсіздігіміздің жарқын символдарының бірі – тек қаржылық тұрақтылықтың ғана емес – ұлттық валюта Теңгенің мерекесін атап өтеміз. Теңге – экономиканың жүрегі, ел дамуы мен қоғамның әл-ауқатының негізі.
Уақыт сынағынан өткен ұлттық валюта, әртүрлі кезеңдерде халқымыздың сенімін сақтай отырып, тұрақтылықтың, бірліктің және болашаққа сенімді қадамның символына айналды.
Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің дамуына үлес қосатын барлық мамандарды құттықтаймын! Әрқайсымыздың еңбегіміз осы ортақ іске қызмет етеді.
Ұлттық валюта күнімен құттықтаймын!
Келешекке бірге табысты қадам жасайық!