Отбасын қолдау орталығының психологы Худайбергенова Айбаршин Анарбаевна және заңгер Нурбаев Марат Талгатович жалғыз тұратын азаматпен психологиялық сұхбат жүргізді. Психолог эмоционалды қолдау көрсетіп, әңгімелесу барысында оның көңіл күйін тұрақтандыруға көмектесті. Заңгер азаматқа заңды тұрғыдан кеңес беріп, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Өкіметтің қолдауымен дәріханадан қажетті дәрі-дәрмектер алынып, азаматқа жеткізіліп берілді.