Пробация қызметінде есепте тұрған адаммен заңгер кездесу өткізді.
Кездесу барысында юрист азаматқа оның құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, заңды тұрғыдан кеңес берді. Сондай-ақ, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, қажетті құқықтық көмек көрсетілді. Кеңестің мақсаты – есептегі адамның құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.
Психолог пробация қызметінде есепте тұрған азаматпен әңгіме жүргізді.
Әңгіме барысында оның тұрмыстық жағдайы, отбасындағы қарым-қатынасы мен өзара түсіністігі талқыланды. Психолог сотталған адамға мінез-құлқын түзету, ашуды бақылау және дұрыс шешім қабылдау жайлы кеңес берді.