Қызылжар ауданы прокуратурасында өткен дөңгелек үстел
Қызылжар ауданының прокуроры Қайсар Әбішевтің бастамасымен пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды.
Қатысушылармен әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша ашық әңгіме жүргізілді. Кездесудің мақсаты – аталған азаматтардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу, құқықтық сауаттылықты арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктерін түсіндіру.
Шара барысында қатысушыларға еңбекке орналасу, психологиялық көмек, отбасылық қатынастарды жақсарту және басқа да бағыттар бойынша кеңестер берілді.