Аудан әкімінің кубогы үшін жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін КВН (Көңілді тапқырлар клубы) «Тәуелсіздік ұрпақтары» сайысында әділқазылық еттім.
Аудан әкімінің кубогы — ауданның ең тапқыр әрі талантты жастарын бір алаңға тоғыстырған ерекше мереке болды. Аталған іс-шара тек әзіл мен күлкіге ғана емес, достық пен шығармашылыққа негізделген үлкен мерекеге айналды.
Бағалау барысында ойыншылардың сөз тапқырлығына, образды аша білу шеберлігіне және көрермендермен белсенді байланысына ерекше назар аударылды.
🥇 Бас жүлде мен 80 000 теңге сертификатын Совхоз орта мектебінің «По локоть в меду» командасы жеңіп алды.
🥈 2-орын — «Парасат» мектеп-лицейінің «Мәссәған» командасы. 50 000 теңге сертификаты.
🥉 3-орын — №2 БШК-ның «Чудо-Дети» (Ғажайып балалар) командасы. 30 000 теңге сертификаты.
📚 Жастарды тәрбиелеп қана қоймай, қоғамдағы маңызды мәселелерді әзілімен жеткізетін осындай сайыстар дами берсін.