Қызылжар KIDS жобасы – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері мен педагогтарын спорттық шараларға тарту, сондай-ақ олардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бастама болып табылады.
Қазіргі уақытта «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше маңызға ие, себебі балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру үдерісі ерте жастан бастау алады.
2025 жылдың 26 қыркүйек күні Бескөл ауылында орналасқан алты мектепке дейінгі ұйымның қатысуымен спартакиада өткізілді.