2025 жылғы 24 қыркүйекте ведомоствоаралық комиссияның жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Оның құрамына:
👩💼 Іскер әйелдер кеңесінің өкілі,
👩⚕️ аудандық аурухананың психологы,
👨💼 «Аманат» партиясының өкілі,
👨👩👧👦 Отбасын қолдау бөлімінің басшысы,
👮 полиция қызметкері кіреді.
🫂 Бұл жолы кездесуге ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік жазаға тартылған азаматтар қатысты.
Кездесу барысында олар өздерінің мәселелерімен бөлісіп, тұрмыстық жанжалдардың себебін түсіндіріп, психологпен жұмыс істеуге ниет білдірді 🙌.
👩🏫 Аудандық психолог мінез-құлыққа қатысты түсініктемелер беріп, құқық бұзушылықтарға ықпал ететін факторларды атап өтті және қиын жағдайдан шығу жолдарын көрсетті.
🤝 Жиын соңында жұмыс тобының мүшелері аталған азаматтарға қолдау көрсету шараларын талқылап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында шешімдер қабылдады.