Кызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында бір айдан сәл бұрын Отбасы қолдау орталығы ашылды. Онда әлеуметтік осал топтарға және көмекке мұқтаж барлық адамдарға жәрдем көрсетіледі. Бір апта бұрын орталыққа Теңдік Осипова жүгінді. Зейнеткер қыс мезгілінде отынды сақтайтын жері жоқ екенін айтып шағымданды.