Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында «Отбасы қолдау орталығының жұмыс тетігі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға қатысқандар:
Қызылжар ауданы прокуратурасының аға прокуроры А.Булатова,
Қызылжар ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы Ж.Ақылбекова,
Қызылжар ауданының Отбасы қолдау орталығының директоры О.Қаржау және ауылдық округтердің әкімдері.
О.Қаржау әлеуметтік қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін FSM Social мобильді қосымшасы арқылы қолдану жөнінде түсіндіріп, қатысушыларды FSM Social мобильді қосымшасының жұмыс принциптерімен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ ол қосымшаның қаншалықты функционалды әрі ыңғайлы екенін көрсетті және цифрлық құралдар арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған жеке адамдар мен отбасыларға әлеуметтік қызметтерді тиімді көрсетуге болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Семинарға қатысушылар FSM Social қосымшасымен жұмыс істеу дағдыларын бекітті, сондай-ақ FSM Social арқылы сигналдарды жіберу алгоритмімен танысты.