Қызылжар аудандық Отбасын қолдау орталығының мамандары аудандық ауруханаға барып, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында мамандар отбасы құндылықтарын сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және әлеуметтік қолдау түрлері жайлы ақпарат берді.⏩
Аурухана қызметкерлері мен науқастарға құқықтық және психологиялық кеңес алу мүмкіндіктері түсіндіріліп, орталықтың байланыс деректері ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыптық жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылды.