Отбасы – қоғамның негізгі іргетасы
Бүгінде елімізде отбасылық құндылықтарды сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
🔹 Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
🩺Медициналық көмек – денсаулық жағдайына байланысты кеңес беру, қажет болған жағдайда тиісті мекемелерге бағыттау;
🏬Педагогикалық көмек – бала тәрбиесі мен отбасындағы тәрбиелік мәселелер бойынша қолдау көрсету;
🌱Психологиялық көмек – отбасындағы кикілжің, стресс, депрессия сияқты жағдайларда кәсіби көмек ұсыну;
⚖️Құқықтық көмек – заңдық мәселелер бойынша кеңес беру, құқықтарын түсіндіру,
арыз-шағым жазуға жәрдемдесу.
Бұл бағытта түсіндіру шарасын жүргізген – *психолог Худайбергенова Айбаршын Анарбайқызы.* Ол тұрғындармен кездесіп, келесі маңызды тақырыптарда кең көлемде ақпарат берді:
▪️ Отбасындағы зорлық-зомбылық түрлері мен оның белгілері;
▪️ Қиын жағдайдан шығу жолдары;
▪️ Қайда және қалай көмекке жүгінуге болатыны;
▪️ Көмек алу кезінде құпиялық пен сенімділік қағидалары.
🔸 Бұл түсіндіру жұмыстары жергілікті халық тарапынан қолдау тауып, азаматтар орталықтың жұмысына қызығушылық танытып, қажетті кеңестер алды.
"Отбасы – шағын мемлекет. Оны сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз!"
📍 Орталықтың мекенжайы:
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы,
Бескөл, Институт көшесі, 1
📞 Байланыс нөмірі:
8 707 916 07 58
🕊