«Қызылжар аудандық отбасыны қолдау орталығының» директоры Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты мамандарымен кездесіп, жаңадан ашылған орталықтың қызметі мен мақсаттары туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, «FSM Social» цифрлық платформасын енгізу, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтары бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.