СҚО Қызылжар ауданында "Отбасын қолдау орталығы" КММ ашылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында "Отбасын қолдау орталығы"ашылды.
Аталған орталықты құру халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға, қиын өмірлік жағдайларға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге, сондай-ақ отбасын, ана мен баланы қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған.
Орталықтың негізгі міндеттері:
* Қиын өмірлік жағдайлардағы отбасыларды ерте анықтау және қолдау;
* Әлеуметтік мәселелер бойынша халыққа консультациялық және практикалық көмек көрсету;
* Мұқтаж азаматтарға кешенді қолдау көрсету үшін жергілікті билік органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;
* Әлеуметтік қорғау саласында білім беру және профилактикалық бағдарламаларды іске асыру.
Орталықтың ашылуы аудан тұрғындары үшін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болды. Жоспарда-жұмыс бағыттарын одан әрі кеңейту және әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.
Барлық мүдделі азаматтар кеңес алу және қажетті көмек алу үшін жаңа Орталыққа жүгіне алады.