Қызылжар ауданында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау айының қорытындысы туралы ақпарат
2024 жылғы 01 қазаннан 01 қарашаға дейін
Бүкіл әлемде 1 қазан күні Қарттар Күні деп белгіленген, ҚР Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы № 1224 Жарлығымен қазанның екінші жексенбісі Мүгедектер Күні болып есептелінеді.
Ауданда қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті құрылып, іс-шаралар жоспары әзірленді. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы аясында 21 қыркүйекте қайырымдылық сенбілік ұйымдастырылды.
1 қазаннан бастап қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға айлыққа арналған шаралар өтті. Айдың бірінші күні аудандық Мәдениет үйінде әр саланың еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік концерт өтті.
Бүгінгі күні ауданда 8166 зейнеткер мен 1132 мүгедектігі бар тұлғалар тұрады.
Ауданда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар тұлғаларға жеңілдетілген қызмет көрсету бойынша дәріхана үздіксіз жұмыс істеп, ауыр сырқаттанған үйде төсекке таңылған зейнеткерлер мен мүгедектігі бар тұлғаларға бару ұйымдастырылды.
18 қазанда аудандық мәдениет үйінде сегізінші дәстүрлі «Жан қанаты», «Крылья души» 2024 мүгедектігі бар адамдарға арналған аудандық фестиваль өтті. «Үздік жасаушы», «Алтын қалам», «Әнші жүректер» үш номинация бойынша 53 үміткер қатысты, оның 35-і жас таланттар. Барлық фестиваль қатысушылары дипломдар мен сертификаттарға ие болды.
Ауыл шаруашылық кәсіпорндарының басшылары тарапынан қомақты қаржы инвестициясы салынды.
Спорттық іс-шаралар аясында дәстүр бойынша 17 қазан күні «Қызылжар» дене шынықтыру-сауықтыру орталығында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету және әлеуметтік көмек көрсету айлығы аясында зейнеткерлер арасында аудандық спартакиада өтті. Жарыстарға 19 ауылдық округтің спортшылары қатысты.
Қызылжар ауданы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінің ғимаратында ардагерлеріне құрмет көрсетті. Зейнеткерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілсе, аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары қатысушыларға мерекелік концерт сыйлады.
11 қазанда Бескөл ауылында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері: ет (сиыр, қой, шошқа еті), көкөністер, бал және жем. Еріктілер қарттарды, мүгедектігі бар тұлғаларды, мерейтоймен, туған күн иелерін аралап құттықтап тазалық шараларын жеке секторда, үй ішінде көмектесу, шаруашылық учаскелерінде қысқа дайындыққа көмектесу, отын үю және т.б ұйымдастырды.
Өткізілген іс-шаралар апта сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.