2022 жылғы 01 маусым жағдайы бойынша ауданда бірінші және екінші топ мүгедектігі бар кәмелеттік жастағы іс-әрекетке қабілетсіз 88 тұлғаға қамқоршылық орнатылды.
2021 жылғы 01 маусымнан бастап ағымдағы күнге дейін қамқоршылық міндетінен 5 адам босатылды, оның ішінде 3 адам қайтыс болуына байланысты, 2 адам қамқорлығындағы адаммен Ресей Федерациясына түрақты тұруға қоныс аударды. 2022 жыл ішінде Қызылжар аудандық сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған 5 кәмелеттік жастағы тұлғаға қамқоршылық орнатылды.
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ Кәмелеттік жастағы іс-әрекетке қабілетсіз іс-әрекетке қабілеттері шектеулі тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық қызметін атқарады, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау нысанына ерекше мұқтаж азаматтардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау мақсатында Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Кеңес құрылды. ауданның мемлекеттік мекемелері:денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер бөлімі өкілдерінен Қамқоршылық және қорғаншылық Кеңесі құрылған, Ереже әзірленді.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі комиссия хатшысы болып табылады. Іс-әрекетке қабілетсіз деп тану, бұдан әрі қамқоршылық тағайындау рәсімдері бойынша ауылдық округ мамандарына, халыққа кеңес беру бойынша жұмыс жүргізеді.
Осы Кеңес хатшысының міндетіне сотта мүдделерін қарау, жақын туыстары болмаған жағдайда сот сатыларында азаматты іс-әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті деп тану туралы талап арыз беру кіреді. Іс-әрекетке қабілетсіз деп тану рәсімдері тек сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе басқа психикалық ауру жағдайына байланысты, жақын туыстарының, отбасы мүшелерінің өтініші бойынша сотта қаралуы мүмкін.
2022 жылғы 01 маусым жағдайы бойынша комиссиямен 7 өтініш қаралды, оның ішінде 5 өтініш қамқоршылық тағайындау туралы және 1 өтініш қамқорлықтағы тұлғаның қайтыс болуына байланысты, 1 өтініш қамқорлықтағы тұлғаның ақшалай қаражатын шешуге рұқсат беру туралы. Барлық ауылдық округте қамқоршылар өз міндеттерін адал атқаруда, қамқоршылардың қамын ойлайды.