Меню

Страницы

Статья

Қызылжар ауданы әкімдігі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің 2022 жылға арналған жұмысы туралы ақпарат

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қызылжар ауданы әкімдігі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылды және жұмыс істейді.

2021 жылы Үйлестіру Кеңесінің 4 отырысы өтті. Онда мүгедектерді жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жұмылдыру, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы, мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурумен ауыратын 18 жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен жүргізілген жұмыстар туралы, ерекше қажеттілігі бар балалармен жүргізілген түзету жұмыстары туралы және т.б.

2022 жылғы 1-тоқсан ішінде Кеңестің 2 отырысы өтті. Бірінші отырыста Үйлестіру кеңесінің ағымдағы жылға жоспары бекітілді, сондай-ақ, 2021 жылы ОЖБ ұсынымына сәйкес мүгедектерді арнаулы оңалту құралдарымен және арнаулы қызметтермен қамтамасыз ету туралы мәселелер қарастырылды.

Екінші отырыста 3 негізгі мәселе қарастырылды, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын бейімдеу, «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ жұмысы туралы» Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті басшысы Қ.С. Қасеновтың есебі тыңдалды. Отырыс барысында бірқатар мәселелер шешілді, сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің төрағасымен тапсырмалар берілді.

Дата публикации
14 декабря 2023
Дата обновления
14 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы