жоба
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
«Қызылжар аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» КММ басшысы Ж. Ақылбекова
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 15/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 тамызда № 29115 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы Ж. Елеусизов
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 12 тамыздағы
№ 15/4 Мәслихаттың
шешіміне қосымша
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қызылжар ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалану шығыстарына ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 3 мамырдағы № 13/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан
облысы Қызылжар
аудандық мәслихатының
2017 жылғы 3 мамырдағы
№ 13/1 шешімімен
бекітілген
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында тұрақты тұратын адамдарға таралады.
4. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары Қағидаларда белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері осы Қағидалармен бекітіледі.
7. Мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне:
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) Қорғаныс министрлігіне, Ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндеттілердің жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай – ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен жасырынып жұмыс істеушілеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылары мен қызметшілеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға – 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына – 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:
Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, ауданның құрметті азаматтарына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақылар төленеді;
5) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне:
бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын – сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін тұрақты тұрған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерді қолдануы;
орталық одақтық органдардың шешімдері бойынша қуғын-сүргіндердің қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, ішкі істер халық комиссариаты - мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі - КСР Одағының ішкі істер Министрлігі жанындағы ерекше кеңестің, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа да органдардың;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады;
КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының актілері негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8. Әлеуметтік көмек азаматтардың санаттарына ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, келесі негіздер бойынша көрсетіледі:
жетімдiк және ата-ана қамқорлығының болмауы; кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында болуы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; балалардың туғаннан бастап үш жасқа дейінгі ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерін шектеу; дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; бұрын ауырған ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмауы; әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік; панасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар), бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінде есепте болу – біржолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
9. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда қалған келесі санаттағы азаматтарға табыстарын есепке алынып көрсетіледі:
қатерлі ісікпен зардап шеккен адамдарға жартыжылдықта 1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде.
10. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың келесі санаттарына табыстарын есепке алмай бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:
адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде жәрдемақы төленеді;
азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не олардың мүлкіне зиян келтіргені бойынша - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір жолға – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
туберкулезбен ауыратын және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылжар аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізім негізінде амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарға қосымша тамақтануға ай сайын – 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 4, 5, 6-баптарында және 7-бабының 3) тармақшасында көрсетілген басқа да адамдарға тіс протездеу ақысын төлеуге, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын мөлшерде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 4, 5, 6-баптарында және 7-бабының 3)тармақшасында көрсетілген басқа да адамдар Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу- алу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, санаторий-курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын санаторий-курорттық картадан үзінді көшірме ұсынуымен;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге және отын сатып алуға Үлгілік қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтініш және ұсынылған құжаттар негізінде, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, уәкілетті ұйым ұсынатын тізім бойынша 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын.
11. Жиынтық табыс «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, ұсынылған әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
13. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер мен қоса берілетін құжаттар талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
14. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмекті төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырады.
15. Әлеуметтік төлемдер 451-007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
16. Жәрдемақылардың артық төленген сомалары – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
4-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1. Өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған.
2. Өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған.
3. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
4. Өтініш берушінің толық мемлекеттік қамсыздандыру болуы.
5-тарау. Тыңдау
1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау:
1) әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы;
2) ақпараттық жүйелерді пайдалану;
3) әкімшілік рәсімге қатысушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері, егер:
1) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкiмшiлiк актіні қабылдайтын;
2) атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін үш күндік мерзімнен аз уақыт белгіленген;
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық және (немесе) мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында әкімшілік актіні дереу қабылдау талап етілетін;
5) әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы өтінішхат берген;
6) оңайлатылған әкімшілік рәсім жүзеге асырылатын;
7) әкімшілік іс бойынша шешім автоматтандырылған процесті жүзеге асыру кезінде қабылданатын, бұл ретте әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік таңдау берілмеген жағдайларға қолданылмайды.
Осы бөліктің 4) тармақшасында белгіленген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіде тыңдау жүргізілмеген дәлелдерді көрсетуге міндетті.
3. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
4. Әкімшілік рәсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам тыңдау хаттамасын жүргізеді.
6-тарау. Қорытынды ереже
17. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының «Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 12 тамыздағы № 15/4 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 тамызда № 29115 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы
№ 13/1 шешімімен бекітілген
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қызылжар ауданында тұрақты тіркелген және тұратын, тұрғынжайда жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 (он) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалану шығыстарына ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) банктік шоты;
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
7. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
8. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
9. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
10. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
26.08.2022
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 15/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 тамызда № 29115 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Елеусизов
шешiмiне қосымша
Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының «Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» 2017 жылғы 3 мамырдағы № 13/1 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4184 болып тiркелдi) шешiмiне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiмнiң қосымшасы осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
шешiмiне қосымша
Солтүстiк Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 3 мамырдағы № 13/1
шешiмiмен бекiтiлген
1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде және «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрi — Үлгiлiк қағидалар) сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — уәкiлеттi ұйым) — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтердi және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiн көрсету, «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтердi, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiн көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, орналасқан жерi бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия — өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi — «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндерi — Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы — отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
6) өмiрлiк қиын жағдай — азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкiлеттi орган — «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
8) учаскелiк комиссия — әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
9) шектi шама — әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
3. Осы Қағидалар Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында тұрақты тұратын адамдарға таралады.
4. Әлеуметтiк көмек «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» бұдан әрi — Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдарға осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.
5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
2-тарау. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi
6. Мереке күндерiне әлеуметтiк көмек бiр рет, ақшалай төлем түрiнде келесi санаттағы азаматтарға көрсетiледi:
7. Атаулы күндер мен мереке күндерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек келесi санаттағы азаматтарға көрсетiледi:
1) 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнiне орай:
«Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, I және II дәрежелi «Ана даңқы» ордендерiмен марапатталған көп балалы аналарға — 10 (он) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
бiрге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын бiтiретiн уақытқа дейiн (бiрақ жиырма үш жасқа толғанға дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға — 5 (бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
2) 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнiне:
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына — 5 (бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағын (бұдан әрi — КСР Одағы) Қорғаныс министрлiгiне, Iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндеттiлердiң жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына — 5 (бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) 9 мамыр — Жеңiс күнiне орай:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағын (бұдан әрi — КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне — 1 000 000 (бiр миллион) теңге мөлшерiнде;
Ұлы Отан соғысы кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектiгi бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы темiржол учаскелерiнде, қорғаныс шептерiнiң, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектiк белгiленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлерiне — 1 000 000 (бiр миллион) теңге мөлшерiнде;
майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерiне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшiн белгiленген жеңiлдiктi шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сiңiрген жылдарына есептелiп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына — 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерiне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшiн белгiленген жеңiлдiктi шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сiңiрген жылдарына есептелiп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдамалы құрамының адамдарына — 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Ұлы Отан соғысы кезеңiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына — 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына — 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерiлу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерiлу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшiн мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында ерiксiз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне — 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңiнде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға — 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерiнде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегi, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына — 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуi салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектiк белгiленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының және iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына — 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
1944 жылғы 1 қаңтар — 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертiгуi салдарынан мүгедектiк белгiленген адамдарына — 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерiнде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерiнiң отбасылары — 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерiнде;
Ұлы Отан соғысы кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектiгi бар адамның немесе жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектiгi бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертiгуi және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектiгi бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнiң, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) — 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға — 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға — 5 (бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектiк белгiленген адамдар және мүгедектiгi ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектiгi бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне байланысты болған азаматтардың отбасыларына — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
1988 — 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күнi құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшiру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркiмен кеткен) адамдарға — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
бұрынғы КСР Одағының үкiметтiк органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
Ауғанстандағы кеңестiк әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертiккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерiне — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуi салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектiк белгiленген әскери қызметшiлерге — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
басқа елдердегi майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертiгуi не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектiк белгiленген тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлерге — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
1979 жылғы 1 желтоқсан — 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулi контингентiнiң құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
1992 жылғы қыркүйек — 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжiкстан-Ауғанстан учаскесiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес мiндеттердi орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
2003 жылғы тамыз — 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бiтiмгершiлiк операцияға бiтiмгерлер ретiнде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
1986 — 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
4) 30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституция күнiне орай:
Социалистiк Еңбек Ерлерiне, үш дәрежелi Еңбек Даңқы орденiнiң иегерлерiне — 10 (он) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
«Қазақстанның Еңбек Ерi» атағына ие болған адамдарға — 10 (он) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
Қазақстан Республикасына сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесi бар зейнеткерлерге, ауданның құрметтi азаматтарына — 10 (он) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiржолғы өтемақылар төленедi;
5) 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнiне:
бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын — сүргiндерге тiкелей ұшыраған және қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағын құрайтын аумақта оларға қуғын-сүргiн қолданылғанға дейiн тұрақты тұрған адамдарға — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде:
бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (қарапайым адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
Қазақстаннан тыс жерлерде әскери қызмет өткеру үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердi қолдануы;
орталық одақтық органдардың шешiмдерi бойынша қуғын-сүргiндердiң қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы бiрiккен мемлекеттiк саяси басқармасының алқаларының, iшкi iстер халық комиссариаты — мемлекеттiк қауiпсiздiк министрлiгi — КСР Одағының iшкi iстер Министрлiгi жанындағы ерекше кеңестiң, КСР Одағы прокуратура комиссиясының және КСР Одағы iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа да органдардың;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшiн, осы оқиғаларда қасақана кiсi өлтiргенi және милиция қызметкерiнiң, халық жасақшысының өмiрiне қастандық жасағаны үшiн сотталған, өздерiне қатысты қылмыстық iстердi қайта қараудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргiндердiң қолданылуы жағдайларында танылады;
КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының актiлерi негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға — 15 (он бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
ата–аналарымен бiрге немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың бiреуiнiң қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына — 10 (он) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.
8. Әлеуметтiк көмек азаматтардың санаттарына ең төменгi күнкөрiс деңгейi мөлшерiнiң бiр еселiк шегiнен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, мынадай негiздер бойынша көрсетiледi:
жетiмдiк және ата-ана қамқорлығының болмауы; кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девиантты мiнез-құлық; кәмелетке толмағандардың арнаулы бiлiм беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында болуы; балалардың туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi ерте психофизикалық даму мүмкiндiктерiн шектеу; дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiмен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi; бұрын ауырған ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан егде жасына байланысты өзiне-өзi қызмет көрсете алмауы; әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiк; панасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар), бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметiнде есепте болу — өмiрлiк қиын жағдай туындаған күннен бастап өтiнiш көрсету мерзiмi алты айдан кешiктiрмей жартыжылдықта 1 рет — 10 (он) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
9. Әлеуметтiк көмек өмiрлiк қиын жағдайда қалған келесi санаттағы азаматтарға табыстарын есепке алынып көрсетiледi:
қатерлi iсiкке шалдыққан адамдарға жартыжылдықта 1 рет — 10 (он) айлық есептiк көрсеткiштер мөлшерiнде.
10. Әлеуметтiк көмек өмiрлiк қиын жағдайда қалған келесi санаттағы азаматтарға табыстарын есепке алмай бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын) көрсетiледi:
Адамның иммун тапшылығы вирусынан (бұдан әрi — АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тiзiм негiзiнде тұрақты күтiм жасау және қосымша күшейтiлген тамақтану үшiн ай сайын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 2 (екi) еселенген мөлшерiнде жәрдемақы төленедi;
азаматқа (отбасына) өмiрлiк қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтiнiш көрсету мерзiмi алты айдан кешiктiрмей дүлей зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан оларға не олардың мүлкiне зиян келтiргенi бойынша — тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншiк иелерiнiң бiрiне бiр жолға — 100 (жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
туберкулезбен ауыратын және «Қызылжар аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны ұсынған тiзiм негiзiнде амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарға қосымша тамақтануға ай сайын- 6 (алты) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
Заңның 4, 5, 6-баптарында және 7-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерiнiң, жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне теңестiрiлген ардагерлерге, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға тiс протездеу ақысын төлеуге, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, 70 (жетпiс) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомадан аспайтын мөлшерде;
Заңның 4, 5, 6-баптарында және 7-бабының 3)тармақшасында көрсетiлген Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерiнiң, жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне теңестiрiлген ардагерлерге, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға санаторий-курорттық емдеу құны мөлшерiнде, бiрақ 50 (елу) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомадан аспайтын мөлшерде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне коммуналдық қызметтерге және отын сатып алуға ақы төлеу үшiн табыстарын есепке алмай, уәкiлеттi ұйым ұсынатын тiзiм бойынша азаматтардан өтiнiштер мен қоса берiлетiн құжаттарды талап етпей 2 (екi) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ай сайын.
11. Жиынтық табыс «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi № 237-ө бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5757 болып тiркелген) бекiтiлген мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледi.
3-тарау. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
12. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi Үлгiлiк қағидаларға сәйкес айқындалады.
13. Мереке күндерiне және даталарына әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер мен қоса берiлетiн құжаттар талап етiлмей, уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкiмдiгi бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
14. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеудi уәкiлеттi орган екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы өтiнiш берушiлердiң жеке шоттарына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырады.
15. Әлеуметтiк төлемдер 451-007-000 «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» бюджеттiк бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
4-тарау. Ұсынылған әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздер
16. Әлеуметтiк көмек мына жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Қызылжар ауданынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттiк немесе жеке медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген кезде;
4) өтiнiш берушi жалған мәлiметтердi ұсынғаны анықталғанда;
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
17. Жәрдемақылардың артық төленген сомалары — ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
5-тарау. Қорытынды ереже
18. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
ЖОБА
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта тіркеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қарашадағы № 446 қаулысының 2- тармағының күші жойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қызылжар ауданының
әкімі Ж. Сәдуақасов
Келісілді:
«Қызылжар аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» КММ
басшысы Ж. Ақылбекова
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 13/1. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының шешімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалары) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджеттен шығындардың артуын көздейді. Қызылжар ауданының Қоғамдық Кеңесімен келісулер бар, реттеушілік әсерді жүргізу қажет емес. Ашық нормативтік –құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылғы 20 сәуірден бастап 05 мамырға дейін көпшілік талқылауда болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысы бар.
Бөлім басшысы Ж. Ақылбекова
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды.
Солтүстік қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын әзірлеу мақсаты-қаулы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес қабылданады, өйткені осы жоба құқық нормаларын қамтымайды және нормативтік емес болып табылады
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы Ж. Х. Ақылбеков
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің қаулысының жобасы әзірленді.
Мақсаты әзірлеу қаулысының жобасын жұмысқа азаматтардың қатарынан тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы, сондай-ақ олардың күші жойылды деп тану қаулысы Қызылжар ауданы әкімдігінің
1) «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 қаулысы (2018 жылғы 25 мамыр Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4727 болып тіркелген);
2) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 28 маусымдағы № 187 қаулысы (2019 жылғы 28 маусым Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген).
3) «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 162 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 15 қаулысы (2020 жылғы 4 ақпан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5987 болып тіркелген).
«Қызылжар аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» КММ басшысы Ж. Ақылбекова
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеуші болып табылатын не олардың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің қаулысының жобасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес әзірленді.
Қаулының жобасын әзірлеу мақсаты — еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қантардағы № 2 қаулысы (2017 жылғы 31 қантар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4027 болып тіркелген);
2) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қантардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 9 қазандағы № 387 қаулысы (2020 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4969 болып тіркелген).
3) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қантардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 23 қаулысы (2020 жылғы 13 ақпан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5217 болып тіркелген).
4) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қантардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 13 наурыздағы № 82 қаулысы (2020 жылғы 20 наурыз Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6099 болып тіркелген).
«Қызылжар аудандық
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» КММ басшысы Ж. Ақылбекова
Жоба «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы №13/1. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының шешімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалары) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджеттен шығындардың артуын көздейді. Қызылжар ауданының Қоғамдық Кеңесімен келісулер бар, реттеушілік әсерді жүргізу қажет емес. Ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылғы 02 шілдеден бастап 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болды.
Бөлім басшысы Ж. Ақылбекова
Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы №13/1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының шешiмi «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына (бұдан әрi — Үлгiлiк қағидалары) сәйкес әзiрлендi және өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау тәртiбiн анықтайды.
Осы нормативтiк құқықтық акт жергiлiктi бюджеттен шығындардың артуын көздейдi. Қызылжар ауданының Қоғамдық Кеңесiмен келiсулер бар, реттеушiлiк әсердi жүргiзу қажет емес. Ашық нормативтiк-құқықтық актiлердiң интернет-порталында 2020 жылғы 02 наурыздан бастап 17 наурызға дейiн көпшiлiк талқылауда болды.
Бөлiм басшысы Ж. Ақылбекова
Сұлтанғазин Нұрлан Қабдоллаұлы— «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ басшысы, жеке меншiгiнде Бескөл ауылында үйi бар, 2017 жылға табысы 2 179 658 теңге.
Басқа заңдар