Ақылбекова Жанар Хизатқызы — бөлiм басшысы, апта сайын, әр жұма сағат 10.00-ден — 13.00-ге дейiн.
Кәсенова Лоззат Нұрбайқызы — бөлiм бастығының орынбасары, апта сайын, әр сәрсенбi сағат 10.00-ден — 13.00-ге дейiн.
Бөлiмде 2-16-50 сенiм телефоны жұмыс iстейдi
Электрондық мекенжайы: kzh-ozsp@sko.kz
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасымен (бұданәрi — Басқарма) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудi, сондай-ақ корпоративiшiлiк ауыстыру жүзеге асырылады.
Рұқсаттар халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның бөлген квотасы шегiнде берiледi.
Басқармамен 2020 жылға арналған квотаны қалыптастыру жұмысы басталды, осыған байланысты, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға ниет бiлдiрген жұмыс берушiлер а.ж. 1 тамызына дейiн Басқармаға алдағы жылға шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiгiн ұсынады.
Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн салықалымы (бұдан әрi — салым) алынатынын қосымша хабарлаймыз. Экономикалық қызмет түрiне және тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң санаттарына байланысты алым мөлшерлемелерi 137-ден 250 АЕК-ке дейiнгi шаманы құрайды.
Жергiлiктi атқарушы органмен берiлген рұқсатты басқа жұмыс берушiлерге беруге болмайды, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ғана қолданылады.
Қосымша сұрақтар бойынша 8(715-2)46-37-43 телефонына хабарласуға болады, факс 46-90-73, электрондық пошта zsp@sko.kz, басқарманың веб-сайты ukzsp.sko.gov.kz.