Меню

Страницы

Статья

Бөлiм функциялары

Еңбек және әлеуметтiк әрiптестiк саласында:

  • бөлiмнiң құзыретiне енетiн мәселелер жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың басым бағыты ретiнде кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама әзiрлеуге қатысу;
  • Бөлiм құзыретi шегiнде жұмысты ұйымдастыру мен жалақы төлеуге қатысты мәселелер жөнiнде оларды әлеуметтiк қорғауды iске асыруға, қызметкерлердiң еңбек кепiлдiгiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қарым- қатынастарын реттеу жөнiндегi аймақтық комиссия жұмысына қатысу;
  • мемлекеттiк органдармен, барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындармен және ұйымдармен еңбекақы төлеу, әлеуметтiк әрiптестiк әлеуметтiк, еңбек және онымен байланысты экономикалық қарым-қатынас саласындағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру;
  • аудан кәсiпорындарына ұжымдық шарттар жасауда көмек көрсету және оларды есептiк тiркеу;
  • ұжымдық еңбек дау-жанжалдары мен тартыстарды шешуге жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiмен рұқсат етiлген еңбек заңнамалары саласындағы басқа қызметтердi жүзеге асыру.

Халықты жұмыспен қамту саласында:

  • еңбек рыногындағы ахуалдарды талдау және болжау, халықты жұмыспен қамтудың болашақ және осы жылғы бағдарламасын дамыту және iске асыру;
  • мақсатты топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн халықты жұмыспен қамту аумақтық бағдарламаны және арнайы iс-шараларды жүзеге асыру;
  • халықты жұмыспен қамтуының мәселесiн қарастыратын атқарушы билiк өкiлдерiнен, жұмыс берушiлер және кәсiби одақтармен қалыптастарған консультациялық комиссиялардың және жұмыс топтарының жұмыстарына қатысу,
  • азаматтарды кемсiтудiң кез келген түрлерiнен қорғау және оларға жұмыс пен мамандық алуда бiрдей мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
  • өңiрдегi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге талдау, жұмыспен қамту қызметiне өтiнiш бергендер жұмыссыздардың кәсiби құрамының бос жұмыс орнына сәйкестiгiн жүргiзу, дисбаланс себебїн анықтау және еңбек рыногын реттеу жөнiнде шұғыл шаралар қабылдау;
  • халықты жұмыспен қамту туралы мемлекеттiк статистикалық есептi ұсыну;
  • еңбек рыногындағы кадрлық ахуалға болжамдық-талдаулық баға беру (жұмыспен қамту қызметiне өтiнiш берген оқу орындары түлектерi кәсiби құрамының еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкестiгi);

Әлеуметтiк нормативтер мен әлеуметтiк көмек саласында:

  • аудан халқын әлеуметтiк қорғау жүйесiндегi жергiлiктi бюджеттiң тиiстi жылға жобасын жасау;
  • кедейлiк шегiнен төмен тұратын және атаулы әлеуметтiк көмекке мұқтаждар контингентiн анықтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аз қамтамасыз етiлген халықтың осал тобындағыларға, соның iшiнде оралман отбасыларға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек және тұрғын үй жәрдем ақысын беру, тағайындау мен төлеу;
  • кедейлiк шегiнен төмен тұратындарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi мақсатты тағайындау және төлеуге бақылауды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек пен тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн берiлген табыс туралы құжаттардың растығын тексеру, қарама- қарсы тексерiс жүргiзу, учаскелiк комиссиялардың жұмыс сапасын тексеру.
  • халық арасында түсiнiктеме жұмысын жүргiзу және ұйымдастыру, мемлекеттiк нормативтiк-құқық актiлерiне сәйкес бiржолғы өтемақы, әлеуметтiк көмек және басқа әлеуметтiк бағдарламалар тағайындау мәселелерi жөнiнде селолық округтер әкiмдiктерiне практикалық және әдiстемелiк көмектер көрсету;

Мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс және әлеуметтiк мекемелер саласындағы қызметтi үйлестiру саласында:

  • психоневрологиялық және қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерiне орналасуға мұқтаж азаматтарды, соның iшiнде үйде әлеуметтiк көмек көрусету бөлiмшесi арқылы анықтау және оларды сол мекемелерге жiберу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
  • жергiлiктi атқарушы үкiмет органдарымен бiрлесiп қарт азаматтарды, мүгедектердi оңалту және әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi арнаулы қызметтер жүйесiн ұйымдастыру;
  • Ұлы Отан Соғысына қатысқандар, Ұлы Отан Соғысы мүгедектерi және оған теңестiрiлген тұлғаларға жеңiлдiк беру және оларды әлеуметтiк қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтїк қорғалуы жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiн iске асыру;
  • әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша заңды актiлердi орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастыру; мүгедектердi, мүгедек-балаларды, соғыс ардагелерiн, тыл еңбеккерлерiн, ядролық қарудан зардап шеккен азаматтарды, Арал экологиялық апаттан зардап шеккен азаматтарды, оралмандарды, өлген және қаза тапқан әскери қызметкерлердiң ата-аналарын, мүгедектер мен аз қамтамасыз етiлген халықтың осал тобындағыларды, халықтың басқа әлеуметтiк қорғалмаған санатын қорғау;
  • Ұлы Отан Соғысы қатысушыларына, тыл еңбеккерлерiне көп балалы отбасыларына, мүгедектерге, мүгедек-балаларға, аз қамтамасыз етiлген азаматтарға әлеуметтiк көмек беру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру (барша меншiк нысандарының кәсiпорындар мен мекемелердiң қайырымдылық акцияларын өткiзу, демеушiлiк және қайырымдылық көмек ұйымдастыруы).
  • мемлекеттiк және мемлекеттiк емес дерекнамалардан халықтың әлеуметтiк осал тобындағыларға әлеуметтiк көмек көрсету мен есеп беру: аз қамтамасыз етiлген азаматтарға, көп балалы аналар мен басқа халықтың әлеуметтiк-қорғалмаған санаттарына;
  • әлеуметтiк көмек көрсету үшiн мүмкiндiгi шектеулi балаларды, жалғызiлiктi қарт азаматтар мен мүгедектердi анықтау және есепке алу;
  • мүгедек балалары бар отбасыларға, жалғыз iлiктi қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
  • соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектерiн, мүгедектердi пансионаттарға және санаторийлерге жiберу;
  • ардагерлердiң, мүгедектердiң, зейнеткерлердiң әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi жазбаша және ауызша өтiнiштерiмен жұмыс;
  • мүгедектердi арнаулы қозғалу құралдарымен, протездiк-ортапедиялық құралдармен, сурдо-тифло-техникалық заттармен қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ мүгедектер мен ардагерлердi санаторлық-курортттық емделумен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына ақпаратты жинау және тапсыру;
  • қоғамдық бiрлестiктермен (мүгедектер қоғамы, қайырымдылық қорларымен, ардагерлер ұйымдары және басқа коммерциялық емес мекемелермен) бiрлесiп аудан азаматтарын әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру;

Кәмелетке толмаған азаматтарға қамқоршылық пен қорғаншылық бойынша қызметтер көрсету, туыстары болмаған жағдайда сотта олардың мүдделерiне өкiлдiк ету, сот инстанцияларына азаматтың iс-әрекетке қабiлетсiздiгiн, шектеулi әрекет iстеуге бейiмдiлiгiн растау туралы қуыным өтiнiшiн беру;

Халықтың әлеуметтiк осал тобындағыларға қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсету саласындағы үйлестiру қызметiн iске асыру;

Азаматтардың ұсыныстарын, арызын және шағымдарын қарау, олар бойынша қажеттi шаралар қолдану, Бөлiм құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша азаматтарды, мекемелердi және ұйымдарды қабылдау, кеңес беру.

Азаматтармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi Заңдарын, актiлерiн, бөлiм қызметi саласына қатысты орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауда көмек көрсету.

Дата публикации
28 сентября 2023
Дата обновления
28 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы