2025 жылға арналған «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

2025 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 

2025 жылға арналған «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

 

 

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ халыққа 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 16 мемлекеттік қызметті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы, 8 мемлекеттік қызметті абоненттің ұялы телефоны арқылы проактивті түрде алуға болады.

2025 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету бөлімімен халыққа 2102 мемлекеттік қызмет көрсетті, (2024 жылы -3512 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 2063 су тасқынына байланысты мемлекеттік қызметтер).

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап бөлім 2 жаңа мемлекеттік қызмет көрсетуде, олар: «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» және «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру».

Аталған мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы да алуға болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, өтініштердің үлгілері және құжаттар тізбесі бөлім стендтерінде, сондай-ақ басқарманың интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында бөлімде «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алғысы келетін азаматтар үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы» жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізілуде, 2025 жылы 5 тікелей эфир жүргізілді.

2025 жылы аудандық «Қызылжар» және «Маяк» газеттерге  3 мақала жарияланды: 2025 жылғы 28 науррызда  және «Халық арасында сұранысқа ие», «Қамқоршылық белгілеу бойынша қызметтер», 2025 жылғы 28 қарашада  «Тұрғын үй көмегін көрсету туралы».

Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім мамандары тұрақты өткізілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелеріне қатысады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бөлім мамандары 3 жыл сайын біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша 2-10-75, 2-21-07 телефондарына хабарласуға болады.

 

 

 

Бөлім басшысы                                               Ж. Ақылбекова

 

Дата публикации
20 апреля 2026