«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 8/4
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
|
№ т/т |
Жобада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізімі |
Әзірлеуші-орындау органының ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру , көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру; Цифрлық кодексінің 75-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру; Мемлекет басшысының 2025 жылғы 08 кыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы ЖҰЖ-ның 89-тармағын орындау; Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 1-бабы 1-тармағы 9- тармақшасына, 83, 92, 95, 185, 195 баптарына сәйкес келтіру; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 07 ақпандағы № 549 «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» жарлығына сәйкес келтіру. |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Қажет емес
|
|
4
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
Болжам жоқ |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. |
Мақсаты-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру; мерзімі - жобаны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізу көзделеді. |
|
6 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер |
Қабылданбады |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Жоқ
|
|
8 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2026 жылғы 16 қаңтарда орналастырылған және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және ашық нормативтік құқықтық актілер порталында 2026 жылғы 14 қаңтардан бастап 29 қаңтарға дейін жарияланған |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат |
Шешім жобасы мемлекеттік мекеменің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.
|
|
10 |
Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Сәйкес келеді |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
көзделмеген |
Қызылжар аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі басшысы Ж. Ақылбекова