Жарғы
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 19 қаңтардағы №
қаулысымен бекітілген
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы
- Жалпы ережелер
- «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге кешенді тәсілде жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қызылжар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № ____ қаулысымен құрылды.
- Орталықтың құрылтайшысы Қызылжар ауданының әкімдігі (бұдан әрі - Құрылтайшы) болып табылады.
- Орталыққа қатысты уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті орган, «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады. БСН 980440002280.
- Орталықтың толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение “Центр оказания специальных социальных услуг” коммунального государственного учреждения “Кызылжарский районный отдел занятости и социальных программ”.
Орталықтың орналасқан жері: индекс 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі,1.
- Орталықтың заңды мәртебесі
- Орталық аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
- Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
- Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
- Орталық өз міндеттемелері бойынша өзінің қарамағындағы қаржы қаражатымен жауап береді. Орталықта қаржы қаражаты жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
- Орталық жасасатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.
- Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
- Орталық қызметінің мәні: өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
Әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес ұсынылады.
- Орталық жалғызбасты қарттарға, еңбекке жарамсыз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында құрылған.
- Мақсатқа жету үшін Орталық келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) тұрғылықты жері бойынша үйде күтім жасау жағдайында, тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін азаматтардың мынадай санаттарына (бұдан әрі - қызмет алушылар) көрсету:
- психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға;
- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
- психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
- екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;
3) халық арасында арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке талдау жүргізу.
4) зейнеткерлік жастағы адамдардың дене және психикалық денсаулығының ұзақтығын ұлғайту үшін белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтенуі;
5) Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
6) мүгедектігі бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру және жіберу;
7) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының стационар, жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу;
8) халықтың осал топтарына көмек көрсету мәселелері бойынша түрлі қайырымдылық қорларымен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) барлық меншік нысанының басшыларына жалғыз тұратын мұқтаж қарт адамдарды бекітудің 4 деңгейлі бағдарламасы шеңберінде қайырымдылық көмек көрсету мониторингін жүзеге асыру, жалпы қайырымдылық;
10) адам саудасы құрбандарына көмек көрсету;
11) мүгедектігі бар адамдарды ауданның әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарына және кері тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді ұсыну (медициналық, құқықтық, экономикалық, психологиялық, еңбек, педагогикалық, тұрмыстық, мәдени және демалыс сипаттағы мәселелер бойынша).
- Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша қызмет көрсетуге қабылданады және қызмет көрсетуден алынады.
- Орталықтың Жарғыда бекітілген қызметін жүзеге асыруына, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауына жол берілмейді.
- Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылады.
- Орталықты Басқару
- Орталықты жалпы басқаруды Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
- Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Орталықты қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
2) Орталық мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін, орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;
4) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
6) Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Орталыққа берілген мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Орталықтың басшысы директор болып табылады. Директорды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Директор орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
- Директор біржолғы болу қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын оның құзыретіне сәйкес орталық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
- Директордың орталықтың жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері Еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
- Қызметті жүзеге асыру кезінде Директор:
1) сенімхатсыз орталықтың атынан әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Орталықтың мүдделерін білдіреді;
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхат береді;
5) қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында қызметкерлерді іссапарлар, тағылымдамалар оқыту жөніндегі орталықтың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Орталық қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
10) Орталықтың ішкі тәртіп қағидаларын бекітеді;
11) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Орталықтың мүлкін құру тәртібі
- Орталықтың жедел басқару құқығында Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке жататын оқшауланған мүлкі бар.
- Орталықтың мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Орталықтың мүлкі:
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден;
- Орталықтың өзіне бекітілген мүлікті, оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, орталықтың қызметін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
- Орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
- Орталықтың Қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және қайта тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртәбі
- Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
- Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тәртібі
- Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының келісімі бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.
- Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
- Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
- Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.