«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесі

Ереже

 

 

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

         1.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

2.а «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ -нің ведомстволарыбар: «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Отбасын қолдау орталығы), «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдықмемлекеттікмекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы).

3.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         4.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

5.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде болуға құқығы бар.

7.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

  1. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауданы, Институт көшесі, 1.

10.аОсы Ереже «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің құрылтайшы құжаты болып табылады.

11.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

12.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не кәсіпкерлік субъектілермен оның  қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің

міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндетері:

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси сенімдеріне, дінге деген көзқарасына және еңбек бостандығы құқығын іске асырудың кез келген өзге мән-жайларына және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;

үздіксіз біліктілік пен кәсіби деңгейді арттыру;

бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындакөзделгенөзге де міндеттер.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуы жөнінде түсініктемелер беру;

заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды сұрату және алу;

 өзқұзыретішегіндешарттар,келісімдержасасу.

2) міндеттері:

мемлекеттік қызмет көрсету саласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

коммуналдық мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарларын бекіту;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Қызметтері:

1) заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру;

2)ахалықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

3)ақолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік қаражаттарға қажеттілікті болжау және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және республикалық және жергілікті бюджет есебінен өзге де әлеуметтік көмекті көрсету;

6) еңбек нарығын талдау және болжау, аудандағы еңбек нарығының жағдайы туралы халықты және жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандыру;

7) қызметкерлерді жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;

8) аудандардағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органын хабардар ету;

9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу;

10) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

11) ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

12) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданда жұмыс орындарын құруды қолдау;

13) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша семинар өткізу, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

14) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

15) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында Еңбек ұтқырлығы орталығымен (Мансап орталығы филиалымен) өзара іс-қимыл жасау;

16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;

17) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу;

18) халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдарға қайырымдылық көмек көрсетуде әлеуметтік көмек көрсету және үйлестіру;

19) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаториялық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

20) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

21) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерімен, есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;

23) Отбасын қолдау орталығының жұмысы мен қызметін ұйымдастыру;

24) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы мен қызметін ұйымдастыру;

25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және консультация беру;

26) «Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру», әлеуметтік жобасының іске асырылуын бақылау;

27) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

         16.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің басшылығын «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметін жүзеге асыруға жеке жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.

         17.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің бірінші басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.

         18.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 

19.а«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің бірінші басшысының өкілеттігі:

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ орынбасарының, «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының, «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

заңнамаға сәйкес «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын, «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне, «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына, «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорына шаралар қолданады көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

өз құзыреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлері, «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады;

әкімшісі болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын растайды;

өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ білдіреді;

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын жүргізеді;

коммуналдық мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды, ол үшін дербес жауапкершілік белгіленеді;

өз өкілеттіктеріне сәйкес басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасары жүзеге асырады.

  1. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарының өкілеттігін айқындайды.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі

 

         21.а«Қызылжжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

         мүлік оған меншік иесімен тапсырылған мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.

  1. «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгелер қарастырылмаса, «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оларға басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру

және тарату

 

  1. «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қарауындағы ұйымдардыңтізбесі:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Қызылжар аудандық жұмыспен қамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімі»коммуналдықмемлекеттікмекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

           Заңды Тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1.

Дата публикации
20 января 2026