«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 8/4
шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатыныңшешім жобасына түсіндірме жазба
|
№ т/т |
Жобада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізімі |
Әзірлеуші-орындау органының ақпараты |
|
1. |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ |
|
2. |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. |
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына, «Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндер мен мереке датталарына әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерін келісу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 04 желтоқсандағы № 233 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 313 қаулысына сәйкес |
|
3. |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
3719,5. |
|
4. |
.Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
|
жоқ |
|
5. |
Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. |
Мақсаты –мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету Мерзімі – қол қойылған күннен бастап енгізіледі. |
|
6. |
. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
Басқа құқықтық актілерді қабылдау талап етілмейді. |
|
7. |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
сәйкес келеді |
|
8. |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
Қарастырылмаған |
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» КММ басшысы Ж. Х. Ақылбекова