«Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы № 8/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихатының шешім жобасына ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ

 писка

«Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2021 жылғы   1 қазандағы № 8/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихатының шешім жобасына

түсініктеме жазбахат

 

№ т/т

Жобада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізімі

Әзірлеуші-орындау органының ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес келтіру үшін

3.

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

3309,0

4.

.Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

 

жоқ

5.

Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Мақсаты – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келтіру.

Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін арттыру.

6.

. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Басқа құқықтық актілерді қабылдау талап етілмейді.

7.

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

сәйкес келеді

8.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Қарастырылмаған

 

 

«Қызылжар  аудандық жұмыспен  қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

 бөлімі» КММ басшысы                                                                              Ж. Х. Ақылбекова

 

пояснительная записка

 

Дата публикации
22 декабря 2025