«Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы № 8/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

«Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының

2021 жылғы 1 қазандағы № 8/6  шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы № 8/6 «Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24719 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;

қосымшада тақырып жаңа редакцияда жазылсын «Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері»;

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:  

«1. Осы Қызылжар ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.»;

2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:  

«2. Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.»;

7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:  

«7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке тең.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
22 декабря 2025