|
шешіміне қосымша |
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы «28» наурыздағы №10/6 шешімімен бекітілген
|
1-тарау. Жалпы ережелер
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі
4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;
бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алынатын алименттер туралы мәліметтер;
банктік шот;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) порталға:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шоттың электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Қайта жүгінген кезде көрсетілген қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Қағидалардың 11-тармағында көзделгенді қоспағанда, жүгінгенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарды ғана ұсынады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе «жеке кабинетке» электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызмет алушыны мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айыратын соттың заңды күшіне енген шешімі болса.
Көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады, тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту қайта жүгінуге кедергі болмайды.
Артық немесе негізсіз алынған тұрғын үй көмегінің сомаларын көрсетілетін қызметті алушы ерікті негізде, ал бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға жатады.
4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
Шоттарға ақшалай сомаларды аудару көрсетілетін қызметті берушімен ай сайын өткен айға жүргізіледі.
11. Көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін көрсетілетін қызметті алушылар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.Тұрғын үй көмегін алушылар өздерiнiң тұрғын үйге меншiк нысанындағы, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесiнiң өзгерген кез келген өзгерiстерi туралы уәкiлеттi органға он жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі ҚР ӘРПК-ның 91-бабына және Қағидалардың 50-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.