«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары

                                                                                           

 

                                                                            Бекітемін

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы

Ж. Х. Ақылбекова ___________

23 шілде 2025 жыл

 

 

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары

 

№ п/п

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша ұсыныстар

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

 

1

Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

«Электрондық үкімет» порталында «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің қолжетімді болмауы.

Бұдан басқа, аталған порталдағы әлеуметтік көмек тізбесіне мынадай көмек түрлері кірмейді: табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал, бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру.

 

“Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау” мемлекеттік қызметті автоматтандыру қажеттігі, “электрондық үкімет” порталына әлеуметтік көмектің барлық түрін қосу туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хат жолдау

Хат жолдау

Л.Н. Касенова - бөлім басшысының орынбасары

2025 жылғы

2-жарты жылдық

2

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу  кезінде әлеуеттi қорғаншының соттылығының жоқтығы немесе болуы туралы анықтама болуы қажет («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 122-бабының 12-тармағы, алайда, Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларының 3-қосымшасында құжаттар тізімінде   соттылығының бар-жоғы туралы анықтама кірмейді.

«Е-собес» ақпараттық жүйесінде соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама жоқ.

Осы Қағидалардың 3) қосымшасында құжаттар тізбесінде қамқорлыққа алынушының жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтердің болуына қатысты түзетуді қамтымайды, бірақ  Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салулар 4) қосымшасының 6) тармақшасында ЖМЖ МДБ - дан көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерге сілтеме бар.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін “Е-Собес” АЖ соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы қосу,  құжаттар тізімінде қамқорлықтағы  тұлғаның мүлкінің барлығы туралы анықтаманы қосу  және әлеуметтік көмектің барлық түрін қосу қажеттігі туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хат жолдау

Хат жолдау

Л.Н. Касенова - бөлім басшысының орынбасары

2025 жылғы

2-жарты жылдық

3

Мемлекеттік мекеменің өзіне тән емес функцияларды жүктеу.

Объектіні пайдалануға беру кезінде Сәйкестік туралы декларация қажет (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығына 3-қосымша), яғни, халықтың қимыл-қозғалысы шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді халықты әлеуметтік қорғау мекемесі растау қажет.

Алайда, бөлімнің функцияларына бақылау тексерулерін жүзеге асыру және мемлекеттік бақылаудың басқа нысандары кірмейді, ол «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және  әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ функциясына кіреді.

 

 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментіне  Сәйкестік декларациясын растау функциясын тапсыру бойынша мәселені   шешу туралы хатты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына  жолдау

Хат жолдау

Л.Н. Касенова - бөлім басшысының орынбасары

2025 жылғы

2-жарты жылдық

план

                                                 

Дата публикации
23 июля 2025