«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы № 10/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының
шешім жобасына түсіндірме хат
|
№ т/т |
Жобада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізімі |
Әзірлеуші-орындау органының ақпараты |
|
1. |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ |
|
2. |
Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес |
|
3. |
Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда облыстық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, облыстық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
708 |
|
4. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
жоқ |
|
5. |
Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі |
Мақсаты – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келтіру. Мерзімі – алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша облыс әкімдігінің және/немесе облыс әкімінің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 шілдедегі № 4/6 «Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 15/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі. |
|
7. |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Басқа құқықтық актілерді қабылдау талап етілмейді. |
|
8 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Қаулы жобасы мемлекеттік мекеменің интернет ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылады. |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат |
Қаулы жобасы мемлекеттік мекеменің интернет ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылады. |
|
10. |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысыболып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
сәйкес келеді |
|
11. |
Номативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Қарастырылмаған |
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» КММ басшысы Ж. Х. Ақылбекова