2024 жылға арналған «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

 

 

2024 жылға арналған «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ халыққа 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 16 мемлекеттік қызметті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы, 8 мемлекеттік қызметті абоненттің ұялы телефоны арқылы проактивті түрде алуға болады.

2024 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету бөлімімен халыққа 3512 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 60%-ға көп (2023 жылы 1409 мемлекеттік қызмет көрсетілген).

2024 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының артуы су тасқынымен байланысты, онда 1817 адамға «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі көрсетілді.

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап бөлім 2 жаңа мемлекеттік қызмет көрсетуде, олар: «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» және «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру».

Аталған мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы да алуға болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, өтініштердің үлгілері және құжаттар тізбесі бөлім стендтерінде, сондай-ақ басқарманың интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында бөлімде «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алғысы келетін азаматтар үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы» жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізілуде, 2024 жылы 5 тікелей эфир жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім мамандары тұрақты өткізілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелеріне қатысады

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бөлім мамандары 3 жыл сайын біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша 2-10-75, 2-21-07 телефондарына хабарласуға болады.

 

Барлығы "Пікірлер" терезесінде ұсыныстар мен пікірлер қалдыра алады. Қоғамдық талқылау 27 наурыздын бастап 31 наурыз аралығында өтеді.

 

 

 

 

 

Информация по оказанию государственных услуг КГУ «кызылжарский районный отдел занятости и социальных программ» за 2024 год
Дата публикации
28 марта 2025