Электрондық үкiмет мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу рәсiмiн жеңiлдеттi. Кезекте тұрудың қажетi жоқ, керек кабинеттi iздеу және көптеген анықтамаларды жинаудың да қажеттiлiгi жоқ. «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет eGov электрондық үiкмет порталы арқылы қолжетiмдi болды. Қызметтi үйден шықпай, электронды түрде алуға болады, бұл үшiн интернетке қолжетiмдi және ЭЦҚ болуы қажет (электрондық үiкмет порталы арқылы берiледi www.egov.kz, www.elicense.kz). Бұл үшiн «электрондық лицензиялау» порталына шығып, жүйеге кiру қажет. «Қызметтi онлайн алуға тапсырыс беру» түймешесiн басқаннан кейiн ашылған, «Электрондық лицензиялау» порталының парақшасында өзiңiзге қажет қызмет түрiн таңдау қажет. Қызмет паспортында пайдаланушы құжаттар топтамасымен таныса алады, және де «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймешесi бойынша жолдау мүмкiн. Қажеттi мәлiметтердi көрсеткеннен кейiн, «Жеке кабинетте» ЭЦК көмегiмен өтiнiштi толтырып, қолтаңбасын қойып, «Менiң өтiнiштерiм» тарауында мәртебесiн көруге болады. Бұдан басқа, «Менiң рұқсат етiлген құжаттарым» тарауында рұқсат алу туралы бiлуге болады.
Қызметтi алушылар: Заңды тұлға, Жеке тұлға, Жеке кәсiпкер.
Портал арқылы жүгiнген кезде:
Қызмет құны: тегiн.
Көрсетiлетiн қызмет мерзiмi: 4 жұмыс күн.