22 наурызда Бескөл ауылының орталық алаңында "Наурыз-құтты мерекем"атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік киіз үйлер, жарқын әшекейлер мен ұлттық рәміздер Бескөл орталық алаңын безендірді. Бұл мерекеде дастархан ұлттық тағамдардың алуан түрлілігіне толы болды. Мереке қонақтарына наурыз көже мен палау, ыстық бауырсақтар, тәттілер, ыстық шай ұсынылды. Белсенді демалысты ұнататындар үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылды: қазақша күрес, армреслинг, октау тарту, жілік жару сондай-ақ тағы басқада ойын түрлері жалғасын тапты . Жастар үшін алтыбақан,ал балалар үшін аттракцион, атқа міну ұйымдастырылды.
Мәдениет үйінің әртістері театрландырылған қойылым көрсетіп, әндер сыйлады. Қонақтар мен ауыл тұрғындары мерекені тамаша көңіл-күймен өткізді.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясындағы байқауында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналды. "Анаға тағзым меркелік кезесі" біздің қатысушылар 1-ші орынды иеленді.
Байқаудың мақсаты-Аналар кеңесінің талантты және бастамашыл өкілдерін анықтау және қолдау, олардың әлеуметтік міндеттердін шешудегі шығармашылық әлеуетін көрсету, сондай-ақ қызметтің беделін арттыру.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Біріншісінде-қатысушылар конкурстық номинацияны таңдап, таныстырды. Екінші кезеңде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Олар ән орындады, сонымен қатар рәсімдерді көрсетті. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары
«Қызылжар ауданың ішкі саясат бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария талқылау 2024 жылғы «1» қараша мен 2024 жылғы «14» қараша аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға ovpkiz@rambler.ru ауызша түрде де (тел. 8 71538 2-19-03) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ovp/discussion-documents/details/527?lang=kk
Анықтама телефоны: 8 7152 500162.
Жылы ортада аудандық Аналар кеңесінің қатысуымен 2023 жылғы 15 қыркүйекте Бескөл ауылында "балаңызға үлгі бол" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Әрі қарай психолог Р.С. Баймухаметова ата-аналарымен және балаларымен тренинг өткізді. Сондай-ақ "отбасы және отбасылық құндылықтар" тақырыбында аудандық өлең оқу байқауының барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Қызылжарлықтар Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының ХІ азаматтық форумына қатысты. Аталған іс-шарада өңірдің қоғам белсенділері азаматтық қоғамның маңыздылығы мен даму перспективаларын, оның жастар құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін және тағы басқаларын талқылады.
Форум басталар алдында ҮЕҰ-ның үздік 10 әлеуметтік жобасының, сондай-ақ "бір ауыл-бір өнім" жобасы бойынша өнімдердің көрмесі ұсынылды.
2023 жылдың 7 қыркүйегінде іскер әйелдер кеңесінің мүшелері мен Аналар кеңесінің мүшелері Солтүстік аймақтардың ауылдық әйелдер форумына қатысып, көптеген пайдалы ақпарат алды.
Мемлекеттік мереке қарсаңында Бескөл ауылының Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар аудан тұрғындары құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу аясында Қызылжар ауданында "Халық заңгері" акциясы өтті, онда азаматтар тегін заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік алды.
Акцияның мақсаты: халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Қабылдау соңында азаматтар өздерінің толғандыратын сұрақтарына толық жауап бергені және көрсетілген құқықтық көмегі үшін алғыстарын білдірді.