2023 жылдың 21 маусымында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ-нің бас мамандары Сыздыков Ержан Бакытұлы мен Нурмагамбет Нуртас Айбекұлы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында «Дуслык» өзбек этномәдени орталығының мүшелері үшін профилактикалық іс-шара өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, деструктивті діни ағымдардың белгілері, сондай-ақ әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 16 маусымында Қызылжар ауданының Бескөл ауылында діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алуға бағытталған Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мамандарының қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілді. Тыңдаушылар саны-30 адам.
2023 жылғы 6 сәуірде Қызылжар ауданының мемлекеттік әлеуметтік ішкі саясат бөлімі аясында теологпен бірлесіп Қызылжар ауданының Ольшанка ауылындағы ЕС-164/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарға барды. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдарды радикалды идеологияға иммунитетті қалыптастыруға және дерадикализациялауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарымен қамтуды көздейді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік жеткізілді, деструктивті діни ағымдардың белгілері қаралды, сондай-ақ әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдар туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық буклеттер, жадынамалар, Дін мәселелері бойынша жедел желі телефондары табыс етілді.

2023 жылғы 6 сәуірде Бескөл ауылында пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін "деструктивті діни ағымдардың таралу қаупі туралы" тақырыбында теологты тарта отырып, профилактикалық әңгіме өткізілді