Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2018 жылдың 29-30 наурызында Қызылжар ауданында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары К.С. Мусин, А.В. Суслов және аудан әкiмi Ж.Ғ. Сәдуақасовтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентiнiң бес әлеуметтiк бастамасы» бағдарламалық құжатты түсiндiру бойынша кездесу өттi.

Қызылжар ауданына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Вагулин, Лесной ауылдық округiнiң тұрғындарымен кездестi.

Микрокредит беру, газдандыру, гранттар бөлiну және студенттерге арналған жатақхана салу т.б. мәселелерi бойынша тұрғындарды қызықтырған сұрақтарына жауап бердi.

Олар «Нұр Отан» аудандық филиал партиясында азаматтарды қабылдау өткiздi, содан соң Қызылжар ауданының жұмыспен қамту орталығының жаңартылған жұмыстарымен танысты, кейiн «Загот Интер» ЖШС кәсiпорнына барды, сондай-ақ Қызылжар аграрлық-техникалық колледжiнiң қызметкерлерiмен ҚР Президенттiң 5 әлеуметтiк бастамасын түсiндiру бойынша кездесу ұйымдастырды.

2018 жылдың 12 наурызында ауданның орта және 10 негiзгi мектебiнде педагогикалық ұжымдарының 5 әлеуметтiк бастамасы туралы «5 әлеуметтiк бастама — Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтiк бағыты» атты негiзгi ережелерiн түсiндiру бойынша жиналыс өттi.

2018 жылдың 12 наурызында «Зенченко және К» КТ-да №3 кеңсе ұжымымен бiрге ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына арналған 5 әлеуметтiк бастамасының негiзгi ережелерiн түсiндiру бойынша талқылау өткiзiлдi. Новониколь ауылдық округiнiң әкiмi Э.И. Захаров ҚР Президентiнiң 5 әлеуметтiк бастамасының негiзгi ережелерi туралы айтып бердi. 20 адам қатысты.

2018 жылдың 12 наурызында аудандық мәслихат депутаттары ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 5 әлеуметтiк бастамаларын талқылау аясында ақпараттық сағат өткiздi. Халық депутаттары айтылған ұсыныстардың өзектiлiгiн айтып өттi және аталған бастамаларға толық қолдау көрсеттi.

Бiздiң сайлаушыларға күтiлетiн жаңалықтардың әлеуметтiк маңыздылығы туралы хабарлау өте маңызды, өйiткенi қызылжарлықтардың көп бөлiгi оларды пайдалана алар едi. Осылайша маслихат хатшысы А. Молдахметов өз сөзiн қорытындылады.

2018 жылдың 12 наурызында «Молсервис» ЖШС-де «Президенттiң 5 әлеуметтiк бастамалары» бағдарламасын түсiндiру үшiн кәсiпорын ұжымымен ақпараттық сағаты өткiзiлдi. «Молсервис» ЖШС директоры С.Д. Чепурко Қ Р Президентiнiң 5 әлеуметтiк бастамасының негiзгi ережелерi туралы атап өттi. 15 адам қатысты.

2018 жылдың 6 наурызында сағат 11-00-де аудан әкiмшiлiгiнде ҚР Президентiнiң 5 әлеуметтiк бастамасының негiзгi ережелерiн түсiндiру мақсатында ардагерлер ұйымымен талқылау өткiзiлдi. Iс-шараны ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы Қожахметов Жұмағали Боранбайұлы өткiздi.

А.ж. 23 ақпанында ауылдық округтерде, аудандық ұйымдарда, Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауын түсiндiру бойынша бiрыңғай ақпараттық күн өткiзiлдi. Келесiдей тақырыптар бойынша: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауын түсiндiру бойынша әдiстемелiк нұсқаулық» және «Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының маңызды мәселелерiне 25 жауап».

Халықпен кездесудi аудандық және ауылдық ақпараттық топтардың мүшелерi өткiздi.

2018 жылдың 19 ақпанында Қызылжар ауданындағы Елбасының Жолдауы бойынша түсiндiрме жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Әзимова Эльвира Әбiлхасымовамен және аудан әкiмi Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасовпен кездесу өттi.

Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкiлдерi, аумақтық және атқарушы органдардың басшылары, аудан тұрғындары, жастар және БАҚ өкiлдерi қатысты.

Өз сөзiнде Эльвира Әзiмова ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртiншi индустриалды революция жағдайында ел дамуының жаңа мүмкiндiктерi туралы» Жолдауының негiзгi бағыттары туралы айтып өттi.

Кездесу барысында тұрғындардан ақпараттандыру, ағылшын тiлiнде пәндердi оқыту, жылжымайтын мүлiктi тiркеу, баланың туылуына өтiнiм беру мерзiмiн ұзарту және басқа да сұрақтар қойылды.

Соңында аудан әкiмi Жанат Сәдуақасов Елбасының Жолдауын мазмұнды түсiндiргенi үшiн Эльвира Әбiлхасымоваға алғысын бiлдiрiп, табыстар тiледi.

 

Дата публикации
27 сентября 2023
Дата обновления
27 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
28 сентября 2023
Есептер
28 сентября 2023
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы