Мемлекеттік сатып алу деңгейін бәсекеден тыс тәсілмен төмендету туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 67 бұйрығымен мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар), өзгерістер енгізілді 2019 жылғы тамызда күшіне енгді.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі өз күшіне енген өзгерістерді түсіндіру үшін ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде ауданның коммуналдық меншік нысандарын жалдаушылар мен баланс ұстаушыларының қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырды.
Семинар барысында қарастырылатын негізгі мәселелер Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша объектілерді баланс ұстаушылармен Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан жалға алушыларға ғимараттарды, үй-жайларды және жабдықтарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге, сондай-ақ өзге де жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге өтініштер беруге қатысты болды.
Сондай-ақ, объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын көрсете отырып, Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталына электрондық нысанда өтініш берген кезде қажетті құжаттардың толық пакетін қалыптастыру, сондай-ақ заңды немесе жеке тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың (сенімхаттың) көшірмесін (сканерленген) қоса бере отырып, объектіге қажеттілік негіздемесін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Ауданның коммуналдық меншік нысандарының баланс ұстаушылары мен жалдаушылары осы құжаттарды ресімдеуге қойылатын заңнама талаптарымен танысты.
«Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі» КММ 2019 жылдың 19 наурыз сағат 10-00-де www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік Тізілімі веб-порталында өтетін, коммуналдық меншіктің жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукционның өткізілуі туралы хабарлайды.
Коммуналдық меншік объектілерін сату, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, жекешелендіру объектілерін сату Қағидасына сәйкес жүзеге асырылады (өзгерістер мен толықтырулар есепке алынған) (бұдан әрі — Қағидалар).
Аукционға бағаны төмендету әдісін қолдану арқылы келесі объектілер шығарылады:
Бағаны төмендету әдісін қолданумен электронды аукционның өткізілу ережесі:
Аукционда қатысу үшін кепілдік жарна келесі банк реквизиттеріне аударылады:
Кепілді жарнаны алушы:
«Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ
БСН 050540004455
Расчетный счет (IBAN/ИИК) в АО «Народный банк Казахстана»; KZ 946017111000000330; БИК: HSBKKZKX; КНП:171; Кбе:16.
Назар аударыңыздар! Өтінімді қабылдаудан бас тарту қатысушымен Қағидаларда көрсетілген талаптарды сақтамау болып табылады, сонымен қатар аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын сауданы өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның «Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ шотына түспеуі.
«Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ шотына кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тіркелім базасында бар болған жағдайда, тізілім веб-порталы өтінімді қабылдау жүргізеді және қатысушыны аукционға қатысуға рұқсат береді. Бірыңғай опыратордың арнайы транзиттік шотына тізілім деректемелер базасында мәліметтер болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімінен бас тартады.
Тізілім веб-порталы автоматтандырылған тексеру нәтижесі бойынша өтінімде көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарламаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептерімен электрондық хабарламаны жолдайды.
Аукционға қатысуға рұқсат алған қатысушыға тізілім веб-порталымен берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына рұқсатнама беріледі.
Электронды аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Электронды аукционның қатысушысы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталына қатысушының ЭЦҚ қойылған, Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша аукционға қатысуға өтінімін тіркеу керек.
Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Электронды аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.
Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады:
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі төлқұжатын немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Электронды аукционның өткізілуі туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе 8 (715 38) 2-15-79 телефоны арқылы білуге болады.
Басшының орынбасары А. Шайменова