2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджет осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4 566 646 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 266 870 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 51 853 мың теңге; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 247 923 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 0 мың теңге;

2) шығындар – 4 399 861 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -434 031 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 434 031 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 600 816 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 600 816 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              -600 816 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 600 816 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

          1) республикалық бюджетке есепке жатқызылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығынан;

          2) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

          дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

          қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері ауылдың аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығынан;

          3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке төлеген және аударған, арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлердің кірістерінен алынатын жеке табыс салығынан;

          4) ауыл, ауылдық округ аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығын қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығынан;

5) акциздер мыналарға:

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішке, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отыннан;

6) ауыл аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан;

7) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымнан (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алымнан);

8) консулдық алымнан басқа, мемлекеттік баждан.

  1. Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістерден:

ауылдық округ әкімінің басқаруындағы аудандық коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, аудандық коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдерінен;

3) аудандық бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.

  1. Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдерден;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін немесе ауыл аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден;

3) ауыл аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақыдан.

  1. Аудандық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, ауданның жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түсетін түсімдер аудандық бюджетке есепке жатқызылады.
  2. Аудандық бюджеттен облыстық бюджетке берілетін 996 221 мың теңге жалпы сомадағы алулар көлемі 2026 жылға ескерілсін.
  3. 2026 жылы 601 299 мың теңге сомада ауылдық округ бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар белгіленсін, оның ішінде Архангельск – 31 837 мың теңге; Асаново – 15 292 мың теңге; Березов – 41 573 мың теңге; Бугровое – 33 034 мың теңге; Вагулино – 53 209 мың теңге; Виноградов – 25 750 мың теңге; Куйбышев – 66 804 мың теңге; Қызылжар – 24 382 мың теңге; Лесной – 43 168 мың теңге; Налобино – 16 266 мың теңге; Новоникольск – 35 358 мың теңге; Петерфельд – 41 723 мың теңге; Прибрежный – 4 443 мың теңге; Рассвет – 46 759 мың теңге; Рощин – 26 803 мың теңге; Светлопольск – 24 974 мың теңге; Соколов – 41 585 мың теңге; Якорь – 28 339 мың теңге.
  4. 2026 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетінде республикалық бюджеттен мамандардың әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер ескерілсін.

Аталған бюджеттік кредиттерді республикалық бюджеттен бөлу 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетінде облыстық кредиттер ескерілсін.

Аталған кредиттерді облыстық бюджеттен бөлу 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қызылжар ауданның бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
  2. 2026 жылға ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 304 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін Қызылжар ауданының әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін көрсетілген мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын.
  4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

Қосымша
Дата публикации
08 декабря 2025