2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Березов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының                 4) тармақшасына, 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Березов ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 80 412 мың теңге:

салықтық түсімдер – 21 364 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 59 048 мың теңге;

2) шығындар – 80 412 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді  өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған Березов ауылдық округінің бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

          1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген ауылдың аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан:

          дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

          қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері;

2) ауыл, ауылдық округ аумағындағы осы салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың салынатын мүлік салығы;

3) ауыл аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендердің жерлерiне салынатын жер салығы;

          4) мына көлік құралдары салығынан:

тұрғылықты жері ауыл  аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан;

5) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

6)  сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдерге:

          ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыдан.

  1. Березов ауылдық округінің бюджеттің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) ауылдық округ әкімі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

3) ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

4) ауылдық округ бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.

  1. Березов ауылдық округі бюджетінің кірістері ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін тісімдер негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып белгіленсін.
  2. Аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін 41 573 мың теңге жалпы сомадағы субвенциялар көлемі 2026 жылға ескерілсін.
  3. Облыстық бюджеттен 2026 жылға нысаналы трансферттер Березов ауылдық округінің бюджетінде ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу Березов ауылдық округі әкімінің «2026-2028 жылдарға арналған Березов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Аудандық бюджеттен 2026 жылға нысаналы трансферттер Березов ауылдық округінің бюджетінде ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Березов ауылдық округі әкімінің «2026-2028 жылдарға арналған Березов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Қосымша
Дата публикации
08 декабря 2025