Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 мамырдағы № 23/34 «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Лесной ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік  Қазақстан  облысының  Қызылжар  аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы  Қызылжар  аудандық  мәслихатының  «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Лесной ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 мамырдағы № 23/34 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 

1 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Лесной ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 97 583,9 мың теңге:

салықтық түсімдер – 11 914 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 85 669,9 мың теңге;

2) шығындар – 103 252,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді  өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 668,5 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -5 668,5  мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 668,5  мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – -5 668,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

        Солтүстік Қазақстан облысы

 Қызылжар аудандық мәслихатының

                          төрағасы                                                              Ж. Елеусізов

 

 

 

 

 

 

приложение
Дата публикации
20 ноября 2025