Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 23/22 «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 15 мамырдағы № 23/22 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджет осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 574 840,2 мың теңге:

салықтық түсімдер – 3 166 056,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 51 553 мың теңге; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 137 068 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 4 220 162,9 мың теңге;

2) шығындар – 8 421 427,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -379 147 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 165 144 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 544 291 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -467 440,1 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -467 440,1 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              467 440,1 мың теңге:

қарыздар түсімі – 620 963,5 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 544 291 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 390 767,6 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        Солтүстік Қазақстан облысы

 Қызылжар аудандық мәслихатының

                          төрағасы                                             Ж. Елеусізов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

приложение
Дата публикации
11 сентября 2025