Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 5 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 1-6) тармақшасына, 37 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылжар ауданы әкімдігінің бюджет комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылсын және осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес құрамы бекітілсін.
- Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
- Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қызылжар ауданының
әкімі
|
С. Сәдуақасов
|