Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджет осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 511 912 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 015 771,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 101 553 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 215 568 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 4 179 019,6 мың теңге;
2) шығындар – 8 358 499,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -379 147 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 165 144 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 544 291 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -467 440,1 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -467 440,1 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 467 440,1 мың теңге:
қарыздар түсімі – 620 963,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 544 291 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 390 767,6 мың теңге.»;
11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«11. 2025 жылға ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 522 249,7 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.