2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджет осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 094 106 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 865 472 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 101 553 мың теңге; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 215 568 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 911 513 мың теңге;

2) шығындар – 7 339 956 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -379 147 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 165 144 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 544 291 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 133 297 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              -133 297 мың теңге:

қарыздар түсімі – 410 994 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 544 291 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

          1) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығынан;

          2) облыстық мәслихатпен белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салығынан;

3) ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы орналасқан осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;

4) акциздер мыналарға:

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынынан;

5) ауыл аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан;

6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымнан (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алымнан);

7) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыдан;

8) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баждан.

  1. Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістерден:

ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның  коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдерінен;

3) аудан бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақшадан;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе ауыл аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден;

3) ауыл аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақыдан.

  1. Аудандық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық бюджеттің есебіне жатқызылады.
  2. Облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін 1 807 976 мың теңге жалпы сомадағы субвенциялар көлемі 2025 жылға ескерілсін.
  3. 2025 жылы 666 985 мың теңге сомада ауылдық округ бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар белгіленсін, оның ішінде Архангельск – 32 269 мың теңге; Асаново – 22 445 мың теңге; Березов – 47 003 мың теңге; Бугровое – 32 680 мың теңге; Вагулино – 45 321 мың теңге; Виноградов – 21 967 мың теңге; Куйбышев – 59 599 мың теңге; Қызылжар – 39 085 мың теңге; Лесной – 35 463 мың теңге; Налобино – 34 494 мың теңге; Новоникольск – 38 047 мың теңге; Петерфельд – 33 243 мың теңге; Прибрежный – 21 580 мың теңге; Рассвет – 40 659 мың теңге; Рощин – 50 861 мың теңге; Светлопольск – 26 961 мың теңге; Соколов – 42 590 мың теңге; Якорь – 42 718 мың теңге.
  4. 2025 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2025 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетінде республикалық бюджеттен мамандардың әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер ескерілсін.

Аталған бюджеттік кредиттерді республикалық бюджеттен бөлу 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2025 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2025 жылға ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 70 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 19/1 шешімі;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 19/1 «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 20/1 шешімі.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 мая 2025