Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 50 127 мың теңге:
салықтық түсімдер – 12 073 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 38 054 мың теңге;
2) шығындар – 50 127 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
1) мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген ауылдың аумағында жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан:
жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері;
2) ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) ауыл аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекен жерлерiне салынатын жер салығы;
3-1) бірыңғай жер салығы;
4) мына көлік құралдары салығынан:
тұрғылықты жері ауыл аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауыл аумағында орналасқан заңды тұлғалардан;
4-1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдерге:
ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыдан.
1) ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдар;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;
3) ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) мүлігін жалға беруден түсетін кірістер;
4) ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
Аталған нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу Новоникольск ауылдық округі әкімінің «2025-2027 жылдарға арналған Новоникольск ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.
1) «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Новоникольск ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 19/17 шешімі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |