Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 171 430 мың теңге:
салықтық түсімдер – 26 953 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 144 477 мың теңге;
2) шығындар – 171 430 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
1) мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген ауылдың аумағында жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан:
жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері;
2) ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) ауыл аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекен жерлерiне салынатын жер салығы;
3-1) бірыңғай жер салығы;
4) мына көлік құралдары салығынан:
тұрғылықты жері ауыл аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауыл аумағында орналасқан заңды тұлғалардан;
4-1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдерге:
ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыдан.
1) ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдар;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;
3) ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) мүлігін жалға беруден түсетін кірістер;
4) ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
Аталған нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу Соколов ауылдық округі әкімінің «2025-2027 жылдарға арналған Соколов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.
Аталған нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Соколов ауылдық округі әкімінің «2025-2027 жылдарға арналған Соколов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |