2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Налобино ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Налобино ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 104 881 мың теңге:

салықтық түсімдер – 18 524 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 86 357 мың теңге;

2) шығындар – 104 881 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді  өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған Налобино ауылдық округінің бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген ауылдың аумағында жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан:

жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері;

2) ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

3) ауыл аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекен жерлерiне салынатын жер салығы;

3-1) бірыңғай жер салығы;

4) мына көлік құралдары салығынан:

тұрғылықты жері ауыл  аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауыл аумағында орналасқан заңды тұлғалардан;

4-1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдерге:

ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыдан.

  1. Налобино ауылдық округінің бюджеттің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

1) ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұлдар;

2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;

3) ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

ауылдың, ауылдық округтің коммуналдық меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) мүлігін жалға беруден түсетін кірістер;

4) ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Ауылдық округі бюджетінің кірістері ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып белгіленсін.
  2. Аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін 34 494 мың теңге жалпы сомадағы субвенциялар көлемі 2025 жылға ескерілсін.
  3. Республикалық бюджеттен 2025 жылға нысаналы трансферттер Налобино ауылдық округінің бюджетінде ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу Налобино ауылдық округі әкімінің «2025-2027 жылдарға арналған Налобино ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Аудандық бюджеттен 2025 жылға нысаналы трансферттер Налобино ауылдық округінің бюджетінде ескерілсін.

Аталған нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Налобино ауылдық округі әкімінің «2025-2027 жылдарға арналған Налобино ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Налобино ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
12 декабря 2024