Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8/2 «2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік  Қазақстан  облысының  Қызылжар  аудандық  мәслихаты      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік  Қазақстан  облысы  Қызылжар  аудандық  мәслихатының   «2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы»  2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8/2 шешімінекелесі өзгерістер енгізілсін:  

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджет осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 529 516,6 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 398 201,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 74 352 мың теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 105 601 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 951 362 мың теңге;

2) шығындар – 7 172 343,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 85 687 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 212 290 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 126 603 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -728 514,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                728 514,3 мың теңге:

қарыздар түсімі – 673 314,3 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 158 030 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 213 230 мың теңге.»;

11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«11. 2024 жылға ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 518 012,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8/2 «2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
06 декабря 2024