«2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 28/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 28/1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджет осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 635 214,2 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 633 889,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 51 853 мың теңге; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 585 196,9 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 2 364 274,9 мың теңге;

2) шығындар – 8 140 628,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 39 802,9 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 165 862 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 126 059,1 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 545 217,6 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – - 545 217,6 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                     545 217,6 мың теңге:

қарыздар түсімі – 1 098 115,9 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 600 934,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 48 035,8 мың теңге.»;

11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«11. 2026 жылға ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 479 479,8 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

жоба
Дата публикации
13 октября 2026