Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 28/14 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Бескөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік  Қазақстан  облысының  Қызылжар  аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік  Қазақстан  облысы  Қызылжар  аудандық  мәслихатының  «2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Бескөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 28/14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:  

1 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Бескөл ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 587 505 мың теңге:

салықтық түсімдер – 328 738 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 258 767 мың теңге;

2) шығындар – 587 505 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді  өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қосымша
Дата публикации
29 сентября 2026